Қоғам

Ауа райы қолайсыздығына байланысты 10 облыста ескерту жарияланды

22 ақпанда Астана қаласы мен 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22 ақпанда Астана қаласы мен 10 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды  "Қазгидромет" РМК-сының баспасөз қызметі.

 

Астана мен Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында 40 градусқа дейін, Жетісу облысында 27 градусқа дейін аяз болады.

Алматы облысында Іле өзенінен 164 км қашықтықта, Қапшағай ГЭС-індегі гидрологиялық бекетте мұздардың кептелуі салдарынан су деңгейі көтерілді.

Қарағанды мен Ұлытау облыстарында жаяу бұрқасын соғады.

Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман, Қызылорда, Жамбыл облыстарында да тұман, Түркістан облысында көктайғақ болады.