жұма, 22 қараша, 2024 3:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Мәһрге машина сұрадым": Тамара Асар тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды

"Мәһрге машина сұрадым": Тамара Асар тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Тамара Асар пандемия кезінде тұрмысқа шыққан сәтін есіне алып, той барысының қалай өткенін бөлісті.

Өнер иесі Маңғыстау өңірінен Қостанай қаласына келін болып түскен. 

“Кеше Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан кейін, жолдасым “біз де той жасайық” деген ұсыныс айтты. “Тойларға аман-есен жете берейік! Қамбар мен Әлішерді үйлендірейік” дедім. Біздің тойымыз пандемия кезінде алты адаммен өтіп кеткен. Құдалыққа бес адам келді. Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым. Әкемнің шаңырағында некеміз қиылды. Мәһрге машина сұрадым. Ол кезде ұялғанымнан ештеңе көрсете алмадым. Әрі бәріне шектеу қойып тастаған еді. Жолдасым өзі білмесе де, білетіндермен ақылдасып, барлық жоралғыны түгендеп әкелді. Енемнің туған сіңлісі бәрін реттеген. Пандемия кезіндегі тойымызды оқырмандарым да алғаш көріп отыр. Шабытым келсе, той үстіндегі қызықтарды айтып беремін”, – деп уәде берді әнші. 

Еске салайық, өнер иесінің бір апта ғана ойланып, тұрмысқа шыққанын жазған едік. 

“Екі түрлі адам ғана солай тұрмысқа шығады. Оның бірі – басы жасамайтын адам, екіншісі – басы кетіп ғашық болған адам. Өзімді екінші түріне жатқызамын. Жалпы, мен Қазақстанды аралап жүрген адаммын. Балам бар, Тамара Асар деген атым бар, көрген тәрбием бар. Бірақ сенімді түрде, нық сезіммен, ер адамға тән даусымен "саған үйленемін" деген жігітті бірінші рет көрдім. Танысқанымызға екі минут өткен жоқ, мені көрсетіп осы кісіге үйленемін деді. Құлағыма елең ете қалды, сол сөздің артынан жүре бердім. Бас-аяғы бір аптаның ішінде тұрмысқа шықтым, — деп сыр бөліскен еді эстрада жұлдызы. 

Айта кетейік, өнер иесінің бірінші некесінен бір ұлы, екінші некесінен бір қызы бар.

Бөлісу:
Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар