Әнші Абай Бегейдің 16 жастағы қызы Сымбат тұрмысқа шықты. Қызының бұл қылығын құптаған әке автокөлік сыйға тартты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
«Неткен бақытты қыз, жары да, әкесі, енесі - бәрі қамқор болып жатыр, қызы өте әдемі». «Байға тиюді емес, бұл жаста оқу оқып, сауаттылықты таңдау керек». «Әке деген асқар тау, көзіме жас келді». «16 жасында тұрмыс құрып, куәлігі жоқ болса да, көлік жүргізе ме, сонда көлігі 2 жыл гаражда күте ме», - деген пікір қалдырған адамдар.
Жас қыздың ерте тұрмысқа шығуы бірнеше күннен бері желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Абай Бегей парақшасында қызының беянебаянын жариялап, астына «Әр түрлі әңгімелер болып жатқанын байқап отырмын. Тілектеріңізге, көңілдеріңізге рахмет!» деген жазба қалдырды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.