Спорт

Илья Ильин Өтешов емделіп жатқан клиникаға барды

"Қазақ балаларынан чемпион тәрбиелеп шығаруға үлес қосамын"

Бұған дейін берген сұхбатында ол Алмастың 10 жыл бойы ішімдікке үйір болғанын, қазір ем алып жатқанын айтқан еді.

«Уәде еткенімдей, мен сіздерге Алмастың жағдайын айтып отырмын. Қазір оның жағдайы жақсы. Ол Астанадағы Soul Clinic оңалту орталығында ем қабылдап жатыр. 5 ай емделеді. Бұл жол оңай болмайын деп тұр. Федерация қолдау көрсетіп, Алмастың емін қаржыландырып жатыр. Осы қиындықтан еңсемізді тік көтеріп шығайық»-дейді спортшы.

Досын қуана қарсы алған Алмас та өзін қолдаған достары мен халқына алғысы мен жылы лебізін білдірді.

«Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын. Илья досым келді. Жан дос деген осындай болуы керек! Адал жолмен жүрейік, арамға жоламайық! Халыққа рахмет айтамын! Емделіп шығайын, сосын еліме қызмет етемін! Қазақ балаларынан чемпион тәрбиелеп шығаруға үлес қосамын!»-деді Алмас.