Әлеумет

"Баланы бақыртып, тепкілеп жатыр" – әлеуметтік желіде тараған видео

"Баланы бақыртып, тепкілеп жатқан" видео тарады. Оқиғаның видеосын «Не молчи» қоры әлеуметтік желі арқылы таратты

"Баланы бақыртып, тепкілеп жатқан" видео тарады. Оқиғаның видеосын «Не молчи» қоры әлеуметтік желі арқылы таратты, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz

«Жазылушыдан шұғыл хабарлама келіп түсті. Видеода ер адам 4-5 жастағы баланы тепкілеп жатыр. Жанында дәл сол жастағы қыз бала жылап еңіреп отыр. Екеуі де бақырып жылайды. Үй лас. Балалар азып-тозып кеткен. Бұған қараудың өзі мүмкін емес», – делінген хабарламада.

"Не молчи" қорының өкілі  Дина Таңсәрі бұл оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, Жетісу және Түркістан облыстарының полиция департаменттері назар аудару қажеттігін айтты. 

«Біз оқиғаның қайда болғанын білмей отырмыз. Өзбек тілінде айтып жатқанымен біздің елдің оңтүстігінде болғаны туралы ақпарат бар. Бізге осы әйелді жіберген әйелі ер адамның сөз мәнері Қарабұлақ ауылының тұрғындарының тіліне ұқсайтынын айтады», - деп жазады "Не молчи" қоры.