Әлеумет

Саяжайда әйелді өлтірген күдікті ұсталды

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүргізілуде.

ШҚО полициясы әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады. 

“Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру  шараларын жүргізу барысында биылғы жылдың 13 тамызында қаладағы саяжайда әйел адамды өлтірген 56 жастағы бұрын сотталған, басқа қалада тұратын ер адамды ұстады”, – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу әрекеттері жүргізілуде.