Алматыда тағы жер сілкінісі сезілді
Алматы қаласында тағы да жер сілкінісі сезілді
Алматы қаласында тағы да жер сілкінісі сезілді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 22 ақпанда сағат 00.26-да жер сілкінісін тіркеді.
«Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде орналасқан Қытай аумағында – афтершок. Сезгіштігі туралы мәліметтер: Алматы қаласында – 2 балл. Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат болған жоқ», – делінген хабарламада.
Жағдай тұрақты.
ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.