Жылу беру маусымы. Қай өңірлердің дайындығы төмен?
Елімізде маңызы бар нысандар жылу беру маусымына дайын ба? Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жауап берді.
Білім беру нысандарының дайындығы - 88 пайыз. Бес 5 өңір жоспардан қалыс келеді. Бұл Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар,Алматы, облыстары және Алматы қаласы. Денсаулық сақтау объектілері бойынша дайындық - 87 пайыз. Төмен көрсеткіштер Қарағанды,Алматы, Ақмола, облыстарында және Шымкент, Алматы қалаларында. Тұрғын үйлер бойынша дайындық жұмыстары 34,169 үй қамтылған, бұл жоспардың 68 пайызына жетеді. Шымкент қаласында тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығының төмендігі байқалады, – деді Шарлапаев Үкімет отырысында.
Айта кетейік, биыл қазақстандықтар көмірсіз қалуы мүмкін екені де айтылған еді.