Қоғам

Елімізде бір жылда ондаған ауыл жабылып қалды

Соңғы бір жылда елімізде ондаған ауыл жабылып қалды, деп хабарлайды oimaqnews.kz.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 17 облыс, 192 аудан, 90 қала, оның ішінде 3 республикалық маңызы бар қала тіркелген.

Сондай-ақ, елімізде 29 ауыл, 2165 ауылдық округ пен 6208 ауыл бар.

ХАЛЫҚ САНЫ 20 159 707 АДАМҒА ЖЕТТІ

Ұлттық статистикалық бюросының мәліметіне қарағанда, еліміз бойынша аудан саны ең көп өңір - Ақмола облысы. Ал облыстық маңызы бар қалалар мен ауылдар - Қарағанды облысында.

Ақмола мен Қостанай облыстарында ауылдық әкімдіктер көп. Ал ауылдық елді мекендердің ең көбі Түркістан облысында.

1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707-ға жетті.

Қалада 12 573 367 адам болса, ауылдық жерде 7 586 070 адам тұрып жатыр.

Елімізде әйел саны ер адамнан көп.  Елде 10 311 830 әйел, 9 847 877 ер адам бар.