15 жыл тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген: Журналист өзінің экс-күйеуін өлтіргені үшін 7 жылға сотталды
- авторОймақ
- 20 тамыз, 2024
- 230
Сот Мәскеу түбіндегі Электросталь қаласында өтті. Оқиға күні Самусев досымен бірге журналистің пәтеріне шақырусыз келіп, арақ іше бастаған. Алексей мен Оксана арасында жанжал басталып, ер адам қайшыны қолына алып сермеген. Әйел оның қолынан қайшыны жұлып алып, ер адамның өзіне сұққан. Жедел жәрдем Самусевті алып кетті, ол бір күннен соң қаза тапты.
Күдікті журналист тергеушілерге 2007 жылдан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық көргенін түсіндірді. 15 жыл бойы ол бірнеше рет соққыға жығылып, полицияға арыз жазған.
Марқұм әртүрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін 40 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған және үш рет сотталды. Оның ішінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, тонау және бопсалау бойынша жауапқа тартылған.
Іс бойынша алқабилер бірауыздан журналисті кінәлі, бірақ жеңілдетілген мән-жайлары бар деп шешті. Прокурор Гончарованы сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Бірақ әйел жеті жылға бос бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Самусевтің ата-анасының әрқайсысына миллион рубльден төлейді.
Гончарованың өзі ата-ана құқығынан айырылды, ал Самусевпен бірге ортақ балалары марқұмның ағасына берілді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Елімізде бір жылда ондаған ауыл жабылып қалды
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский енді АҚШ президенті болып сайланған Трамппен тілдесіп үлгерді
- авторОймақ
- 8 қараша, 2024