Қоғам

Алматы әкімдігінде сейсмикалық қауіпсіздік басқармасы құрылады

Қаланың әкімшілік құрылымында жаңа екі басқарма құру жоспарланып отыр.

Алматы әкімдігінде екі жаңа басқарма құрылады. Олар: 

  • сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы;
  • қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы.

Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясында белгілі болды. 

Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы сейсмикалық қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету, жер сілкінісі қаупін басқару, табиғи апаттар кезінде өзін қалай ұстаудың базалық дағдыларына үйретуді ұйымдастыру, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаменттерін, полицияны, қалалық қызметтерді және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ұйымдарды үйлестірумен айналысады.