Әлеумет

Экс-депутат бала зорлады деген күдікке ілінді

Тергеу шеңберіндегі өзге де деректер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды

Жетісу облысында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінген экс-депутатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әлеуметтік желілерде "Жетісу облысында аудандық мәслихат депутаты бала зорлады" деген ақпарат тараған болатын. Ақсу аудандық полиция бөлімі зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. 

«Ақсу аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған азаматқа қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қажетті сот сараптамаларын тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Тергеу шеңберіндегі өзге де деректер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - деп хабарлады полиция бөлімінен.