Қазақстанның мектептері «Күнделіктен" бас тарта ма?
Басқарма платформа жарнамасыз жұмыс істейтінін хабарлайды.
Бұған себеп боп отырған – Қостанай мектептері. Қостанайдың мектептерінде жүйенің күші жойылған. Мұғалімдерге, оқушыларға және олардың ата-аналарына таныс «Күнделік» жүйесі енді жұмыс істемейтінін жергілікті басылымға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөз қызметі растаған.
Облыстық ведомство Қазақстан президентінің «барлық оқушылардың сапалы оқыту контенті бар озық цифрлық платформаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету» тапсырмасын іске асыру мақсатында 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыстың барлық жалпы білім беру ұйымдарында «BilimClass» электрондық журнал және күнделік модулі енгізіліп жатыр.
– Осыған байланысты Қостанай облысының білім басқармасы мен "Bilim Land" ЖШС арасында осы жылдың шілде айында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. "BilimClass"-ке ауысқан кезде барлық білім беру ұйымдарына мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары үшін тегін цифрлық ресурстар беріледі. Аудандық және облыстық деңгейде мектептер, сыныптар мен пәндер бойынша білім сапасына мониторинг жүргізу мүмкіндігі бар. Күнделік жүйесінен шығарылған соң, BilimClass-қа деректерді автоматты түрде жүктегеннен кейін құжаттарды қоймада тегін сақтау мүмкіндігі беріледі, - деп атап өтеді облыстың білім басқармасы.
Сондай-ақ, Bilimcenter.kz модулі қолжетімді болды. Бұл модуль – осы бағыт бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту кезінде мониторингі мен сертификаттауы бар PISA, TIMSS, PIRLS, МОДО халықаралық зерттеулеріне дайындық кезінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға және бағалауға арналған цифрлық портал. Басқарма платформа жарнамасыз жұмыс істейтінін хабарлайды.