FlyArystan тағы дауға қалды: Алматы – Астана әуе рейсі кешігіп ұшқан
- авторОймақ
- 19 тамыз, 2024
- 273
Жолаушылар әуелі рейстің ұшуы сағат 09:05-тен 09:25-ке дейін кешіктірілген. Кейін жүйедегі қысқа мерзімді техникалық ақауға байланысты жолаушыларға рейстің сағат 09:25-тен 10:55-ке ауысқаны туралы ескерту хабарлама келген.
Сондай-ақ, ақпаратта рейске кешіккен жолаушыларға ақшасын қайтаруға немесе келесі рейстерге брон жасауға болатыны айтылған.
«Кешіккен жолаушыларға 50 мың теңге сомасында өтемақы беріледі. Қазір байланыс орталығының агенттері жолаушылармен хабарласып жатыр», - деп түсіндірді FlyArystan әуе компаниясынан.
Ал жолаушылар болса, "мәселе әлі шешімін тапқан жоқ. Жолаушыларды өзге күнге ауыстырып жатыр.Компенсация тағы жоқ" дегенді алға тартады.
"Кешігетіні туралы ақпараттан" кейін жолаушылар ұшаққа үлгермей қалады.
Әзірге, әуекомпания тарапынан мәлімет болған жоқ. Жолаушылардың талабын ескере ме, әлде "баяғы соқпақ - бір соқпақ" жолға түсе ме, күтейік.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.