Қоғам

Ыстықкөлде селге байланысты төтенше жағдай енді

Ыстықкөл облысында сел салдарын жоюға 300-ден астам адам және 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылған

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ТЖ режимі 18 тамызда нөсер жаңбырдан кейін түскен сел салдарын жедел жою үшін енгізілді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Tengrinews.kz сілтеме жасап.

Айта кетейік, аяқасты болған  апат салдарынан Ыстықкөл солтүстігі мен оңтүстігі зардап шекті. Саруу және Қызыл-Суу ауылдарында жолдар, қошарлар мен тұрғын үй құрылыстары су астында қалды. Солтүстік жағалауда Булан-Соготту, Корумду, Темировка ауылдарының аулалары мен үйлері зардап шекті. "Ыстықкөл Аврора" пансионатының аумағы су астында қалды.

Ыстықкөл облысында сел салдарын жоюға 300-ден астам адам және 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.