жұма, 22 қараша, 2024 1:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысын Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды

Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысын Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды
Бақтияр Артаев. Фото: instagram.com/bakhtiyar_artayev
Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев алғашқы жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпековті бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне ұсынды.

14 тамызда бокстан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметінен босатылған еді. "Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне дәл қазіргі кезде Нұрлан Ақүрпеков лайық", - деп жазды Бақтияр Артаев Instagram-дағы парақшасында. Айта кетейік, Нұрлан Ақүрпеков – Бақтияр Артаевтың алғашқы бапкері. Ол Артаевты 11 жасынан бастап боксқа баулып, жеке жаттықтырушысы да болды. Сондай-ақ бапкер Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл және т.б танымал боксшыларды жаттықтырған. Франция астанасы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан ерлер құрамасынан 7 боксшы қатысты. Оның ішінде тек Нұрбек Оралбай финалға өтіп, күміс жүлде еншіледі. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2149645-baqtiiar-artaev-algashqy-zhattyqtyrushysyn-qazaqstan-quramasynyng-bas-bapkeri-qyzmetine-usyndy/

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар