Қоғам

Алматыда қоғамдық көлік орындықтарын ұрлап сатқан

Алматыдағы жеке автопарктің қызметкері қоғамдық көліктің орындықтарын ұрлаған.

Белгілі болғандай, түнгі уақытта ол жөндеудегі бірнеше қоғамдық көліктің орындықтарын шешіп алып, тіпті бір данасын 35 мың теңгеге сатып үлгерген.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.