жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:17

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қанымда бар өнер": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі "әнші болып кетті" дегендерге жауап берді

"Қанымда бар өнер": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі "әнші болып кетті" дегендерге жауап берді
Фото: https://www.instagram.com/moldir.mt/
“Әзіл әлемі” театрының директоры, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, продюсер Мөлдір Мұқанова әншілікке бет бұрмақ.

Өнер иесінің әйелі әншілік ата-бабадан дарыған қасиет екенін жасырмады. 

“TikTok парақшамдағы видеоны көргеннен кейін, жұрт “Мөлдір ән айтып кетіпті” деп ұлардай шулады. Ән айту–жанымның қалауы, хоббиім. Өзім үшін. Қанда бар өнер бәрібір менмұндалап шақырып тұрады екен. Біреуге ара-тұра поэзия оқу ұнайтын шығар, ал мен көңілдің кейбір сәттерінде ән шырқаймын. Шыны керек, бір күнімді бір күніме ұқсатпай әдемі, жарқын өмір сүргім келеді.
Бала кезден жаңа дүниеге жаным құмар. Қазіргі жазып жүрген каверлерім бала Мөлдірдің бір кездегі арманы да болар. Балаларым да өз қалауын орындай алатын, арманын мақсатқа айналдыра алатын бақытты ананы көріп өссе деймін”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 

Одан кейін продюсер әлеуметтік желі еркіндік алаңы екенін айтып, ұятқа қалатын іс-әрекеттерден ғана сақ болуға үндеді. 
“Әлеуметтік желі – ішіңдегіні бөлісу құралы. Ән айтқысы келген адам айтсын, билегісі келетін адам билесін. Тіпті актриса болып армандаған болсаңыз да ешқашан кеш емес. Тегін танылу құралдары толып жатыр. Өзімізді бір қорапқа салып анау болмайды, мынау болмайды деп шектей бермейікші. Ұяттың нормасынан асатын дүниелерден құдай сақтасын. Ал, бес күн мына жалғанда күліп-ойнап, жарқырап-жайнап жүргенге не жетсін?!”, – деді Мөлдір Мұқан. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар