Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2 тонау қылмысының жолын кесті
Атырауда мейманханалардың бірінде 39 жастағы тұтынушыға күш қолданып оның бағалы алтын жүзігі мен қолсағатын және 1 млн 200 мың теңге ақшасын ашық түрде тонаған 23 және 18 жастағы күдіктілер анықталып ұсталды.
Сондай-ақ 45 және 42 жастағы тұрғындардың телефондарын жымқырған 36 жастағы күдікті ізін суытпай анықталып, ұсталды. Қазір күдіктілерге қатысты тонау дерегімен тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, тонау қылмысы үшін күдіктіге 3 жылдан 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.