2028 жылғы Олимпиада ойындарынан боксты алып тастау мәселесі талқыланып жатыр
Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Лос-Анджелесте өтетін келесі ойындарда бокстың Олимпиадалық спорт түрлерінің тізімінен шығарылуы мүмкін екенін айтты.
Мәліметтерге сенсек, бұл маңызды шешім 2025 жылы қабылданады.
“Мүмкін келесі жылы да қабылданып қалуы ғажап емес. Неғұрлым тезірек, тіпті, бірінші жартыжылықта шешім қабылданғанын қалаймыз. Бірақ одан ертерек болуы екіталай”, – деді халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах.
Дәл осы қағида бойынша каратэ үш жыл бұрын Олимпиада ойындарынан алып тасталған еді.
Томас Бахтың айтуынша, боксты алып тастау туралы айту әлі ерте. Мұндай шешім қабылданса, ол халықаралық бокс жарыстарын өткізу үшін ұлттық ұйымдардың бірігуі қажет екенін баса айтты.
Еске салайық, бұған дейін алжирлі боксшы әйел Иман Хелиф трансгендер деп айыпталған еді. Алайда спортшының әкесі Иман Хелиф оның туу туралы куәлігін көрсетіп, биологиялық қыз екенін дәлелдеді. Олимпиадада алтын медальға ие болған ол Париж прокуратурасынан өзінің желіде қудалауға тап болғанына қатысты тергеу жұмыстарын бастауды талап етті.