жұма, 20 қыркүйек, 2024 15:58

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Төреғалиға сәйгүлік сыйлады: "Атын кім қоямыз?"

Төреғалиға сәйгүлік сыйлады: "Атын кім қоямыз?"
фото: ашық дереккөзден
Танымал әнші Төреғали Төреәлі асылтұқымды сәйгүлікті сыйға алды. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады. «4 жыл бұрын Ұлан ағаның әкесі ат атаған болатын. Таңдайтын күн бүгін туыпты. Бақ сыйлаған Алладан айналайын, ат сыйлаған ағадан айналайын!», – деп жазды әнші. Сонымен қатар өнер иесі жеке парақшасына бір шумақ өлең жазып, жануардың аты әлі қойылмағанын айтып, оқырмандарына ұсыныс тастады. «Тұлпар десе жан бар ма туламаған, Тулағанда қолыма туды ала алам. Ұлы дала ұлына ұлы сыйлық Жасаған жасай берсін, Ұлан ағам! Ұлан ағам туған ғой ұлы анадан! Атын кім деп қоямыз?», – деп жазды ол. Желі қолданушылары түрлі ат ұсынып, өз пікірлерін жазып жатыр. Ал өнердегі әріптестері бәйгеден жүлде алатын сәйгүлік болуын тілеп жатыр. «Төреторы. Ұлы дала торысы болсын!», «Бақторы – нағыз сәйгүлікке лайық ат», «Бозжыра деп қойшы», «Бәрекелді! Бәйге алатын жүйрік болсын!», – деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Танымал әнші Төреғали Төреәлі асылтұқымды сәйгүлікті сыйға алды. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде хабарлады.

«4 жыл бұрын Ұлан ағаның әкесі ат атаған болатын. Таңдайтын күн бүгін туыпты. Бақ сыйлаған Алладан айналайын, ат сыйлаған ағадан айналайын!», – деп жазды әнші.

Сонымен қатар өнер иесі жеке парақшасына бір шумақ өлең жазып, жануардың аты әлі қойылмағанын айтып, оқырмандарына ұсыныс тастады. 

«Тұлпар десе жан бар ма туламаған,
Тулағанда қолыма туды ала алам.
Ұлы дала ұлына ұлы сыйлық
Жасаған жасай берсін, Ұлан ағам!
Ұлан ағам туған ғой ұлы анадан! Атын кім деп қоямыз?», – деп жазды ол. 

Желі қолданушылары түрлі ат ұсынып, өз пікірлерін жазып жатыр. Ал өнердегі әріптестері бәйгеден жүлде алатын сәйгүлік болуын тілеп жатыр. 

«Төреторы. Ұлы дала торысы болсын!», «Бақторы – нағыз сәйгүлікке лайық ат», «Бозжыра деп қойшы», «Бәрекелді! Бәйге алатын жүйрік болсын!», – деп жазып жатыр желі қолданушылары. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар