Таным

Тамызда Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болады

«Қазгидромет» тамыз айына құрғақшылық болжамын нақтылады

"СЖИ нақты есептелулеріне сәйкес 2024 жылғы тамызда Қазақстан аумағында атмосфералық ылғалдану жағдайы республиканың солтүстігінің, солтүстік-батысының және шығысының жеке аудандарында бірқалыпты ылғалды болады деп күтілуде, құрғақшылық жағдайлары вегетациялық кезеңде жауын-шашын тапшылығы байқалған Қостанай, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының жеке аудандарында болжанады", - делінген хабарламада.

Тамыз айында бірқалыпты ылғалды болады деп күтілуде:

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарының басым бөлігінде;

Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар және Хромтау аудандарында;

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Күршім аудандарында;

Бірқалыпты құрғақшылық жағдайы күтіледі:

Алматы облысының Балқаш ауданының оңтүстік бөлігінде және Жамбыл ауданының солтүстік бөлігінде;

Жамбыл облысының Мойынқұм және Талас аудандарында;

Қызылорда облысының Қармақшы ауданында.

Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары осы ай үшін норма шамасында болады деп күтілуде. Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және «Қазгидромет» РМК ресми сайтында жарияланған.