Саясат
Қазақстан Президенті Жапония Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
- авторОймақ
- 9 тамыз, 2024
- 122
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты.
Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді. Мемлекет басшысы жоспарланған сапардың кейінге қалуын түсіністікпен қабылдады.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Келесі мақала
Қандай мамандарға сұраныс артты, олардың жалақысы қанша?
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Ақмарал Науатбек XVII жазғы Паралимпия ойындарының жеңімпазы атанды
- авторОймақ
- 6 қыркүйек, 2024
Саясат
Президент Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтяревті құттықтады
- авторОймақ
- 5 қыркүйек, 2024