Әлеумет

Алматылық дәрігерлер Уфадан келген жігіттің өмірін сақтап қалды

Ресейлік азамат бассейнге сүңгу кезінде омыртқасын сындырған

Науқас орталық қалалық клиникалық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, диагноз өте күрделі болған.

­Бұл араласу жұлынның қысылуын және лезде өлімге әкелуі мүмкін асқынудың алдын алуға көмектеседі. Ота сәтті өтті және науқасқа ұзақ уақыт бойы корсет киюдің қажеті жоқ. Бір айдан кейін ол өзінің қалыпты өмірі мен жұмысына орала алады, - дейді нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматов.

Егер уақтылы және кәсіби медициналық араласу болмаса, сүйек сынықтарын біріктіру процесі сүйек тінінің баяу қалпына келуіне байланысты бір жарым жылға созылуы мүмкін еді. Сынықтардың ығысуы өлімге әкелуі мүмкін.

Өз кезегінде жас жігіт дәрігерлерге кәсібилігі үшін алғысын білдірді.