жұма, 20 қыркүйек, 2024 13:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентін "Алтын қыран" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентін "Алтын қыран" орденімен марапаттады
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік наградасы "Алтын қыран" орденімен марапаттады.

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевті өзбек елінің нағыз көшбасшысы, халықаралық деңгейдегі саясаткер ретінде танитынын және құрметтейтінін айтты. Айтуынша ол екі халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері.

“Егемен ел ретінде даму жылдарында екі мемлекет арасында жан-жақты серіктестік пен стратегиялық одақтастық жолға қойылды. Берік шарттық-құқықтық база қалыптасты. Шекараны толықтай шегендеп алдық. Өзара сенімді саяси диалогтың арқасында біз сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды қарқынды түрде ілгерілетіп келеміз. Негізгі халықаралық құрылымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі қазақ-өзбек қатынастары үлгі етуге тұрарлық әрі нағыз бауырластық деңгейде”, – деді Тоқаев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар