Саясат

Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді

резидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөзьқызметі хабарлады.

9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» Диалогының бірінші саммиті өтеді.

10 тамыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония Премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.