жұма, 20 қыркүйек, 2024 11:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Париж-2024: Нұрбек Оралбай күміс жүлде алды

Париж-2024: Нұрбек Оралбай күміс жүлде алды
фото: Ұлттық олимпиадалық комитет
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған боксшы Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласы Александр Хижняктан ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты,

Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды.

Еске сала кетсек, Париж Олимпиадасына бас бапкер Мырзағали Айтжанов ерлер арасынан 7 боксшы алып барған болатын. Өкінішке қарай, оның алтауы жарысты ерте аяқтады.

Ал әйелдер боксынан лицензия жеңіп алған 3 боксшының екеуі алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолын аяқтаса, олардың арасынан 50 келі салмақтағы Назым Қызайбай ғана ел үмітін ақтады. Ол ел қоржынына Олимпиада ойындарының қола жүлдесін салған еді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар