Руханият

«Естігенде шок болдық»: Баян Мақсатқызын құдағиы арнайы құттықтап барған

"Күйеу бала енесін перзентханадан шығарып алды. Бұндай бақыт екінің біріне бұйыра бермейді"

Таяуда ғана қызды болған белгілі актриса, продюсер Баян Мақсатқызын туған құдағиы Диляра Қайдарова құттықтады. Бұл туралы өнер иесінің өзі «Инстаграм» парақшасында көрсетті. «Бүгін менің құдағиым Диляра Радикқызы жап-жас құдаларын құттықтап келді. Ал кеше бұл кісінің ұлы, менің күйеу балам мені перзентханадан шығарып алды. Айта кетейін, енесін перзентханадан шығарып алу кез келген күйеу баланың маңдайына жазыла бермейді», - деді Баян Алагөзова. Өз кезегінде Диляра Қайдарова құдалардың отбасындағы ерекше жаңалықты қалай қабылдағанын айтып берді. «Құдаларымыз үшін қуаныштымыз. Бұл жағдай тек елге ғана емес, бізге де күтпеген оқиға болды. Басында түк түсінбей, таңғалып қалдық. Сосын артынан қуандық. Енді біздің Сафия, Сәтті немереміздің өзінен кішкентай нағашы әпкесі болатынын ойлап, күліп алдық», - деді Баянның құдағиы. Айта кетейік, белгілі актриса 50-ден асқан шағында қызды болғанын айтып, жаңалығымен бөлісті. Өнер иесі оған Алиса деп ат қойған.