Қытайлық компания Шымкентте электромобиль өндірісін ашуды жоспарлап отыр
Қытайлық компания Шымкентте электромобиль өндірісін ашуды жоспарлап отыр
Қытайлық компания Шымкентте электромобиль шығару жолға қоймақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі LS порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа кәсіпорынның іске қосылуы шамамен 60 миллион долларға бағаланып отыр. Жобаның екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде құрастыру өндірісін ашу қолға алынбақ. Инвестор бұл кезеңде 10 миллион доллар қаражат инвестициялауды жоспарлап отыр.
Екінші кезеңде қытайлық компания тағы 50 миллион доллар инвестиция салады. Бұл сомаға қалада сырлау және дәнекерлеу цехы салынып, пайдалануға берілсе, қосалқы бөлшектер шығару даіске қосылады.
“Қазіргі уақытта компания жобаны жүзеге асыруға қажетті жер телімін және инженерлік және инфрақұрылымдық жүйелерді сараптап, есептеп жатыр", – делінген хабарламада.
Бұған дейін мұндай өндірістің Алматы облысында да ашылуы мүмкіндігі туралы ақпарат тарады. Жоба "Алатау" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асырылады деген болжам бар.