Әйелдер боксында 2 дүркін әлем чемпионы, қаншама жылдан кейін алғаш рет Олимпиадаға қатысқан Назым Қызайбай табандылығының арқасында жүлдегерлердің қатарынан табыла білді.
Жерлесіміз жартылай финалда былтырғы әлем чемпионы Ю Вудан (Қытай) жеңілсе де, жеңіл салмақта бірінші мәрте Қазақстанға жүлде сыйлады.
Рио Олимпиадасы.
Жайна Шекербекова —1/4 финал
Париж Олимпиадасы.
Назым Қызайбай (3-орын)
Айта кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде Джиордана Соррентиноны (Италия) 4:1 есебімен басым түсті. Ал жарыстың 1/8 айналымында Каролайн Барбоза де Алмейданы (Бразилия) 5:0 есебімен жеңді. Ширек финалда Колумбия өкілі Ингрит Лорена Валенсия Викториядан (Колумбия) 4:1 есебімен айласын асырған болатын.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.