Қоғам

Алматы облыстық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы тағайындалды

Ерлан Жакупов партиялық жұмыста да мол тәжірибеге ие.

«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы болып Ерлан Жұмашұлы Жакупов тағайындалды, – деп хабарлайды облыстық партия филиалының баспасөз қызметі.


Ерлан Жакупов 1987 жылы 26 шілдеде дүниеге келген. Мамандығы бойынша құқық бакалавры, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

Ол Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы облысы әкімдерінің аппараттарында әртүрлі лауазымда жұмыс істеген. Сондай-ақ Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы мен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасында басшылық қызметтерді атқарған.

Ерлан Жакупов партиялық жұмыста да мол тәжірибеге ие. Ол Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған. Атқарушы хатшы болып тағайындалғанға дейін ол Алматы облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.