Жатақхана жыры. Министр мәселенің қалай шешіліп жатқанын айтты
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жатақхана тапшылығы қалай жойылатынын айтты,
Студенттер үшін оқу жылының басында маңызды мәселелердің бірі – жатақхана мәселесі. Бүгінгі таңда Алматы мен Астанадан басқа барлық өңірде тапшылық мәселесі шешілді, – деді министр үкімет отырысында.
Оның айтуынша, жатақханалар салуға арналған мемлекеттік тапсырыс механизмі оңтайландырылды.
Бір орынға арналған норматив (АЕК) 40%-ға ұлғайтылды, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімі 8 жылдан 6 жылға дейін қысқартылды. Бұл механизмдер заманауи дизайны бар, жасыл кампус тұжырымдамасымен және шетелдік студенттік резиденциялар (student residence) форматына сәйкес келетін жатақханалар салуға мүмкіндік берді, – деді ведомство басшысы.