Астанадан Ақмола облысына демалуға барған отбасы түгел суға батып кетті
Ақмола облысында төрт адамнан тұратын отбасы суға батып кетті
Қайғылы оқиға 5 тамызда Аршалы ауданындағы Арнасай су қоймасында болды.
Ақмола облысы ТЖД хабарлағандай, олар Астанадан демалуға келіп, шомылуға жабдықталмаған жерде демалған. Қызы суға бата бастағанда, әкесі мен ағасы оны құтқаруға асыққан. Кейін оларға анасы көмекке барған.
Жел мен толқын қатты болғаннан бүкіл отбасы суға батып кетті.
1980 жылғы әйел мен 2001 жылы туған қыздың денелерін куәгерлер шығарды. 1977 және 2000 жылы туған екі адамның денесін Ақмола облысы мен Астана қаласының ТЖД құтқарушылары іздеп жатыр, – делінген ТЖД хабарламасында.