Экономика

Қазақстанда инфляция деңгейі 8,6 пайызға көтерілді

Қазақстанда соңғы бір жарым жылда бірінші рет инфляция өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілде айында инфляция 0,7 пайыз болған.

Жылдық негізде тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы өсу деңгейі 8,6%-ға жетті.

Ұялы байланыс қызметтерінің бағасы 11 жарым пайызға, интернет байланысы орташа есеппен 6,8 пайызға қымбаттады. Әуе қатынасының құны да 12,9%-ға өсті. Азық-түлік өнімдерінің ішінде қырыққабаттың бағасы 16,8%-ға көтерілді. Сарапшылардың айтуынша,  ұлттық валютаның тұрақтылығына байланысты баға өскен.

“Валюта бағамы инфляцияға әсер етеді. Шілдеде бұл көрсеткіш 440-тан 475-ке дейін өсті. Меніңше, ең көбі 480 болды. Бұл біздегі инфляция. Неліктен? Өйткені бізде импортқа тәуелді экономика бар. Импорт 440-қа қайта бағаланып, шілдеде мөлшерлеме 480-ге дейін көтерілсе бір жөн. Сәйкесінше, осы жолғы қайта бағалау бағаның өсуіне себеп болды”, – дейді экномист Арман Бейсенбаев.