Жылдық негізде тауарлар мен қызметтер бағасының жалпы өсу деңгейі 8,6%-ға жетті.
Ұялы байланыс қызметтерінің бағасы 11 жарым пайызға, интернет байланысы орташа есеппен 6,8 пайызға қымбаттады. Әуе қатынасының құны да 12,9%-ға өсті. Азық-түлік өнімдерінің ішінде қырыққабаттың бағасы 16,8%-ға көтерілді. Сарапшылардың айтуынша, ұлттық валютаның тұрақтылығына байланысты баға өскен.
“Валюта бағамы инфляцияға әсер етеді. Шілдеде бұл көрсеткіш 440-тан 475-ке дейін өсті. Меніңше, ең көбі 480 болды. Бұл біздегі инфляция. Неліктен? Өйткені бізде импортқа тәуелді экономика бар. Импорт 440-қа қайта бағаланып, шілдеде мөлшерлеме 480-ге дейін көтерілсе бір жөн. Сәйкесінше, осы жолғы қайта бағалау бағаның өсуіне себеп болды”, – дейді экномист Арман Бейсенбаев.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Доллар бағамы: 600 теңгеге жете ме – Ұлттық банк басшысы пікір білдірді
- авторОймақ
- 5 желтоқсан, 2024