Саясат

Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткенін растады

Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткенін растады

Бүгін желіде Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" киностудиясының президенті қызметінен кетеді деген ақпарат тарады.

Бастапқыда киностудия баспасөз қызметі бұл ақпаратты жалған деп, жоққа шығарды. Мәдениет және ақпарат министрлігі де соны қайталады.

"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалдының қызметінен босатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды", - деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

Бұл туралы кейін продюсер Еркебұлан Күрішбаев өзінің Telegram-каналында хабарлады.

"Азамат Сатыбалдының "Қазақфильм" президенті қызметінен кетуі мен үшін шок болды (...) "Қазақфильмдегі" қызметім осымен соңына жеткен сияқты", - деп жазды ол.

Күрішбаев Tengri Life тілшісіне берген сұхбатында Сатыбалдының орнына кім келетінін әзірше білмейтінін айтты.