Қоғам

7 облыста көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар 20 автожолда көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

Абай облысы – жалпы ұзындығы 2176 км 7 автожол.

1. Облыс бойынша барлық бағытта (дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін)

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 1238 км 7 автожол.

1. Облыс бойынша барлық бағытта (дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін)

2. Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары - Берел ауылы - Рахман қайнарлары. (Барлық көлік түрі үшін)

Жетісу облысында – жалпы ұзындығы 158 км 2 автожол

1. «Алматы-Өскемен» - Үшарал қ.-Абай обл. шек. (дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін)

2. Үшарал-Достық - Көктұма б.-Достық б. (барлық көлік үшін)

Қарағанды облысында- жалпы ұзындығы 103 шақырым 1 автожолда.

1. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» - Қарқаралы ​​қ-Абай обл. шек.(Дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін)

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырым 1 автожол.

1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау обл. шек. - Арқалық қ. (көліктің барлық түрлері үшін)

Павлодар облысында – жалпы ұзындығы 160 шақырым 1 автожолда.

1. Омбы-Майқапшағай - Кенжекөл к.-Абай обл. шекарасы (Дизелді отынмен жабдықталған қоғамдық және өзге де көліктер үшін)

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырым 1 автожолда.

1. «Жезқазған-Петропавл» - Ұлытау к. - Қостанай обл. шек. (барлық көлік түрі үшін).

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 379 бірлік техника және 777 жолшы жұмылдырылды.