жұма, 22 қараша, 2024 9:31

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жамбыл облысының ПД бастығы желідегі видеодан кейін жұмыстан шеттетілді

Жамбыл облысының ПД бастығы желідегі видеодан кейін жұмыстан шеттетілді
Фото: gov.kz
Жамбыл облысының ПД бастығы желідегі видеодан кейін жұмыстан шеттетілді

 Жамбыл облыстық ПД бастығы Арманбек Баймурзин әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты жұмыстан уақытша шеттетілді. Бұл ақпаратқа ҚР ІІМ баспасөз қызметі түсініктеме берді. Бұған дейін әлеуметтік желіде Баймурзиннің қатысуымен видео пайда болған еді. Кадрларда полицей әдепсіз сөздер айтып, қарамағындағыларға айғайлап сөйлейді. ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі  полиция департаментінің басшысы уақытша қызметінен шеттетілгенін хабарлады. "Жамбыл облысы бойынша полиция департаменті бастығының қатысуымен жарияланған видеоның негізінде ІІМ министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тексеру жүргізілді. Облысқа Кадр саясаты басқармасының басшысы мен Ішкі істер министрлігі Ішкі қауіпсіздік қызметінің өкілдері жіберілді. Қызметтік тергеу кезеңінде облыстық ПД басшысы А.Баймурзин қызметінен шеттетілді", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.  Жамбыл облысының ПД ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Баймурзин 2022 жылдың 10 ақпанынан бастап Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарады. Бұған дейін, 2019 жылдың қазанынан 2022 жылдың 9 ақпанына дейін Ақмола облысы ПД бастығы болған. Ішкі істер органдарында 1997 жылдан бері қызмет етіп келеді: осы уақыт ішінде ішкі істер басқармасының жедел штабында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды, сондай-ақ бірқатар басшылық қызметті де атқарды. 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар