жұма, 22 қараша, 2024 6:29

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Үш адамды алдап, 19 миллион теңгесін иемденген интернет-алаяқ ұсталды

Үш адамды алдап, 19 миллион теңгесін иемденген интернет-алаяқ ұсталды
Фото: gov.kz
Үш адамды алдап, 19 миллион теңгесін иемденген интернет-алаяқ ұсталды

 Жамбыл облысының прокуратурасы интернет арқылы үш адамды алдаған күдікті ұсталғанын мәлімдеді.

2024 жылғы 18 шілдеде Тараз қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қаланың 3 сенімді азаматын интернет байланысы арқылы алдаған Ресей Федерациясының «Р» есімді азаматын ұстады.

Жоғарыда аталған азамат осы жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында өз сыбайластарымен бірге азаматтардың сеніміне кіріп, әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалып, «Екінші деңгейдегі банктердің қауіпсіздік қызметінің жұмыскерлері» және құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, алаяқтар азаматтардың атынан несие алмақшы екенін айтқан.

Осы схеманы пайдалана отырып, алаяқтар WhatsApp әлеуметтік желісінің бейнебайланысы арқылы алаяқтық жолмен несие ресімдеп, жәбірленушілердің 19 миллион теңгесін иемденген.

Аталған факті бойынша 25.04.2024 жылы ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі сотқа дейінгі тереп-тексеру басталған.

Күдікті Мемлекеттік шекара бекетінен Қырғыз Республикасына қарай өту кезінде ұсталды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар