Талдықорғанда білім саласының аса қомақты қаржы жымқырған 21 есепшісіне сот үкімі шықты
- авторОймақ
- 23 шілде, 2024
- 334
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген айыппен Талдықорған қалалық білім бөлімінің 21 бухгалтеріне қатысты сот үкімін шығарды.
3 жыл бойы білім бөлімінің бас есепшісі мен оның қарамағындағы бірнеше қызметкер жұмыс істемейтін адамдарға ақша аударып жүрген. Олар ұрланған 4,5 млрд теңгені туыстарының шотына аударып келген.
Сот барысында прокурор айыпталушыларға 8 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот қылмыстық істі ұйымдастырған басты 3 азаматты 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырды.
Ал, қалған 15 сотталушы 7 жылдан 11 жылға дейін қамалды.
Сотталғандардың 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты мен жылжымайтын мүлкі тәркіленді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.