Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала прокуратурасының үйлестіруімен 22 адамнан тұратын «Хизб-ут-Тахрир» радикал-экстремистік ұйымын (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) анықтады.
Олар биылғы Рамазан айында ауызашар сылтауымен радикалды экстремистік ұйымның жергілікті жақтастарының санын көбейту және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін діни жиындар өткізген.
Тінту барысыда Қазақстанда тыйым салынған 7 діни кітап, діни мазмұндағы 10-нан астам қолжазба және мәтіндік парақшалар, 6 ұялы телефон мен 4 ноутбук тәркіленді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 256-бабының 1-бөлігімен және 259-бабының 1-бөлігімен тергеу амалдары басталды.
Осыған байланысты Шымкент прокуратурасы елдің конституциялық құрылымын бұзу мақсатында радикалды экстремистік ұйымға кіруге шақырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.
ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Будапешттегі Король сарайында Қазақстан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- авторОймақ
- 20 қараша, 2024