жұма, 22 қараша, 2024 19:49

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

ҰҚК экс-төрағасының орынбасары тағы тергеліп жатыр

ҰҚК экс-төрағасының орынбасары тағы тергеліп жатыр
фото ашық дереккөздерден алынды
ҰҚК экс-төрағасының орынбасары тағы тергеліп жатыр

 Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшысы Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша күдікке ілініп, тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

«Д. Ерғожинге қатысты тергеу қылмыстық кодекстің «Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жымқыру)» 218-бабының 3-тармағының 3) тармақшасында және «аса ірі мөлшерде пара алу» 366-бабының 4.4-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша жалғасып жатқанын хабарлаймыз», - делінген редакция жолдаған сауал жауабында. 

Сондай-ақ, ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің егжей-тегжейі жария етілмейтінін жеткізді. 

Бұған дейін БАҚ беттерінде Дәулет Ерғожиннің «GitHub» қытайлық сервистеріне қазақстандықтардың жеке деректерінің таралуына байланысты іс бойынша күдікке іліккені туралы ақпарат тараған еді. 

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 24 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларына қатысты үкім шықты. 

Дәулет Ерғожин билікті күшпен басып алғаны, билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар