Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты іс қылмыстық соттың қарауына жіберілді
Бұрынғы Ішкі істер министрі биыл 30 сәуірде ұсталған.
Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты іс қылмыстық соттың қарауына жіберілді. Бұл туралы елорда сотының баспасөз қызметі растады.
«Іс «өте құпия» деген белгімен келіп түсті», – деп хабарлады қалалық соттан.
Еске сала кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ҚР Ішкі істер министрлігін 2019 жылдан бастап басқарды. Ол лауазымынан Қаңтар оқиғаларынан соң, 2022 жылы босатылған еді.
Бұрынғы Ішкі істер министрі биыл 30 сәуірде ұсталған.
2 мамырда Бас прокуратура бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың екі айға қамалғанын хабарлады.