Елімізде қанша адам есірткіге тәуелді
Есірткіге тәуелді қазақстандықтар саны белгілі болды.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті басқармасының бастығы Анжела Бексұлтанова мәлімдеді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "Психоактивті заттарды пайдалану салдарынан психикалық мінез-құлық бұзылыстары" диагнозымен 108 мың 722 адам динамикалық бақылауда тұр, оның ішінде 18329-ы есірткі құралдары мен психотроптық заттарға тәуелді болып шыққан.
Оның айтуынша, 20 жылдан бері нашақорларды медициналық-әлеуметтік оңалтудың кешенді бағдарламасы іске асырылып келеді, оған детоксикация, психотерапиялық және психокоррекциялық емдеу, әлеуметтік оңалту кіреді.