жұма, 22 қараша, 2024 14:13

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Әкеңнің көлігі бар ма еді": Алматыда арыз жазуға барған жігіт полицейлерден таяқ жеп, айыппұл арқалады

"Әкеңнің көлігі бар ма еді": Алматыда арыз жазуға барған жігіт полицейлерден таяқ жеп, айыппұл арқалады
Фото: видеокадрдан скриншот
Алматыда ұялы телефонын ұрлатып алған азамат, арыз жазуға барып тәртіп сақшыларынан таяқ жеген. Екі қабырғасы сынып, есінен танып қалған жігіт полицейлердің мұндай әрекетіне наразы. Тіпті құзырлы орган өкілдерімен болған жағдай үшін сот кінәлі деп танып 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды деп отыр.

Мәліметтерге сенсек, Нұрғабыл Шажабаев 10 мамырда кафелердің бірінен шыққанда, одан түн ортасында бейтаныс азаматтың қоңырау шалу үшін телефонын сұраған. Ойында ешнәрсе жоқ жігіт телефонын қоңырау соғу береді. Алайда сол сәтте белгісіз біреу оның телефонын алып тұра қашқан. Бірден тәртіп сақшыларына барып қарақшының жолын кесуді сұрамақ болғанда кезекші полицейлермен сөзге келмей қалған.

"Бөлімше қақпасынан кіріп кеттім, ешкім маған жол көрсеткен жоқ. Кіріп кеттім. Ішке кірсем бәрі ұйықтап жатыр екен. Полицейлер даусымнан оянып кетті. Арыз жазып тұрғанша бір машинамен шығып қуып жетейік. Сол адамды ұстап аламыз" деп айтып қалып едім, полицей "әкең машинесі бар ма еді" деп дүрсе қоя берді. Менің бар кінәм "сенің әкеңнің көлігімін қумаймыз ғой" деп айттым", – деді жәбірленуші Нұрғабыл Шажабаев.

Жігіт сол жерде құлағаннан кейін дереу жедел жәрдем шақырыпты. Бірақ жарақаттың ауыр еместігін айтып олар кері кетті дейді ер адам. Ал жігіт келесі күні Талғар аудандық ауруханасына барып, қос қабырғасының сынғанын білген.

"2 қабырғам сынды және арқы жақ бүйірлерімнен барлығын соққылап тастаған. 11 шілдеде мені ұрып-соқты деп арыз жаздым. Олар 13 шілдеде "менің ар-намысыма тиді" деп арыз жаған", – деді жәбірленуші.

Бұдан кейін қос тарап арасында сот процессі өткен.  

Нұрғабыл Шажабаевтың айтуынша, тәртіп сақшылары ұрып-соққан бейнебақылау камерасындағы жазбаны бермей отыр деп наразы. Ал 28 маусымда осы оқиғаға қатысты Жоғарғы сот үкімі шығыпты. 

"Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігінде "Билік өкiлiн қорлау" бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалсын. Сонымен бірге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 18 460 теңге жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілсін", – делінген сот мәлімдесінде.

Мұндай шешіммен келіспеген Нұрғабыл Шажабаев апелляциялық шағым түсірген. Ал қалалық полиция департаменті әзірге бұл жағдай туралы жауап бермеді. 

Даудың басына түрткі болған қалта телефонын тәртіп сақшылары екі күннен кейін тауып, иесіне қайтарған екен.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының тұрғыны жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшерін ұрғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Оған айыппұл салынды. Дәрігерлер шақыру бойынша Сәтбаев қаласындағы пәтерге барған. Олар әйелдің қайтыс болғанын хабарлаған. Бірақ қайтыс болған әйелдің ұлы бұған көндіге алмай екі ер дәрігерді ұрып-соққан. Соққыға жығылған фельдшер қан-жоса болып тұрса да, әйелдің ұлы оны реанимация жасауға мәжбүрлеген.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар