"Ер жігіттің бабын алсаң да, басындағы бағын ала алмассың": Азамат Сатыбалды наразылық шеруіне қатысты жауап берді
Онда актер қызметкерлердің талап-арызын аяқтан шалу және жала жабу деп есептейтінін айтқан
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында өзіне қатысты өткізілген наразылық шеруге байланысты жазба қалдырды.
Онда актер қызметкерлердің талап-арызын аяқтан шалу және жала жабу деп есептейтінін айтқан.
«Ей, пендем. Ер жігіттің бабын алсаң да, басындағы бағын ала алмассың. Соны ұмытпа. Жала жабу. Аяқтан шалу. Жұмыс жасатпау. Көре алмаушылық. Бір-екі күнде мақалам шығады. Толық жауап сол жақта болмақ. Аллаға аманат», – деп жазды Азамат Сатыбалды.