Әлеумет

Елімізде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек бағдарламасы енгізіліп жатыр

Елімізде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек бағдарламасы енгізіліп жатыр

Оқу-ағарту министрлігі әрбір баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету бағдарламасын әзірледі. 

Мақсат – зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке, буллингке ұшыраған, сондай-ақ қылмысқа куә болған балаларға кешенді көмек көрсету. Бағдарлама балалардың эмоциялық, когнитивтік және мінез-құлқындағы салдарды еңсеруге бағытталған. 

Бастама балаларға көмек көрсету алгоритмін және кәмелетке толмағандардың қажеттіліктерін бағалау негізінде медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету түрлерінің кешенін қамтиды. Сондай-ақ бағдарлама шеңберінде балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету бойынша бірыңғай әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

«Әрбір бала зорлық-зомбылықтан қорғалуы тиіс. Осы бастаманың қабылдануы мемлекет пен қоғамның бала құқығын қорғау және әрбір баланың қауіпсіз балалық шағын қамтамасыз етудегі міндеттемесінің көрінісі. Бұл бағдарлама балаларға зардап салдарымен күресу және психологиялық тұрғыда қолдау жүйесін құрудағы маңызды қадам болып табылады», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Айта кетейік, көмек көрсету облыстық деңгейде психологиялық қолдау орталықтарының, аудандық деңгейде білім бөлімдерінің базасында іске асырылады.