Қоғам

Алматыда тағы бір автобус апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Алматыда тағы бір автобус апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Алматыда автобус пен жеңіл көлік соғылды. Салдарынан екі адам қаза тапты.

Полиция мәліметінше, жол апаты түнде Алматының Медеу ауданында болды.

«Тойота» маркалы автокөліктің жүргізушісі Талғар тас жолымен батыс бағытта келе жатып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобуспен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Тойота» көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты», - деп хабарлады ведомстводан.

Екі адамның өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Осыған дейін Алматыда Әшімов және Шаляпин көшелерінің қиылысында қоғамдық көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелген болатын.