Әлеумет

Елімізде демографтар даярлайтын ЖОО жоқ – Балаева

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Аида Балаева еліміздің бірде-бір университетінде демограф маман оқытылмайтынын айтты.

Ведомство басшысы Ұлттық комиссиясының бір жарым жылда қандай істер атқарғанына тоқталды.

Ол сондай-ақ отбасылық, гендерлік және демографиялық саясат мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу ұйымдарының Консорциумы құрылғанын айтты.

 Балаеваның айтуынша, әрі қарай Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл саланы өңірлік жоғары оқу орындарының базасында дамытуы керек.