Қоғам

Алматы тауларында байкерлерге мылтық кезеп, қамшымен сабағандар ұсталды

Алматы тауларында байкерлерге мылтық кезеп, қамшымен сабағандар ұсталды

Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы облысының тауларында байкерлерге шабуыл жасаған үш күдікті ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Қылмыстық іс адамдар тобымен жасалған бұзақылық фактісі бойынша тергелуде. Мылтық тәркіленіп, сараптамалық тексеруге жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылға мотоцикл моторының жайлы жүрген малды үркіту себеп болған», - деп хабарлайды облыстық ПД.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысының тауларында мотоциклшілерді бір топ адам мылтықпен қорқытып, қамшымен сабаған